Арыс станциясын дамыту жалғасады

Жаңалықтар

Арыс станциясын дамыту жалғасады




12-03-2025

Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің теміржолшылары жазғы жол жүру науқаны аясында өңірде шамамен 160 км жолды сауықтыруды жоспарлап отыр. 

Жұмыстар жоғары өнімді техниканы: қиыршық тасты тазалау және жол тегістеу машиналарын қолдана отырып жүргізілетін болады. UNIMAT MF және DESEC жол машиналары кешендерінің көмегімен 100 астам бағыттаушы бұрманың жағдайы жақсарады.

Сондай-ақ, темірбетон негізіндегі 41 бағыттамалы бұрма кешенін жаңасына ауыстыру жоспарлануда. 

Бұдан басқа, Арыс станциясын дамытудың 2-ші кезеңін іске асыру үшін теміржолшылар Арыс-2 станциясы мен Арыс-1 станциясы "Д" паркінің арасындағы айналма жолдың 3 км күшейтілген-орташа жөндеу жүргізеді. 

Өткен жылы Арыс станциясын дамытудың бірінші кезеңі аясында жұп сұрыптау жүйесінің екі паркі қалпына келтірілді, бұл станцияның өткізу қабілетін 20% арттыруға мүмкіндік берді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі