Арыс – 1 – Арыс – 2 айналма жолында теміржол инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар аяқталды
27-11-2025
Арыс – 2 станциясы мен Арыс – 1 станциясының «Д» паркін жалғайтын айналма жолды қалпына келтіру және жаңғырту бойынша жұмыстар кешені аяқталды. Жоба шеңберінде бағдаршамдардың бес жиынтығы орнатылып, рельс тізбектерінің бес жиынтығы монтаждалды, ұзындығы үш шақырым Арыс – 1 – Арыс – 2 аралығында автоблокировка енгізілді, сондай-ақ ұзындығы 2,6 км темір жолы жаңартылды. Қосымша бағыттамалық бұрмалардың екі жиынтығын монтаждау орындалды және айналма жол мен жалпы ұзындығы 7,4 км «Д» паркінің жолдарын электрлендіру жүргізілді.
Жобаны іске асыру теміржол торабы жұмысының тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Арыс – 1 станциясының өткізу қабілеті тәулігіне 88-ден 100 жұп пойызға дейін артады, ал жұп сұрыптау дөңесінің өңдеу қабілеті 46% – тәулігіне 1836-дан 2688 вагонға дейін артады. Шымкент тарапынан «Д» қабылдау паркіне тікелей бөлшектеу пойыздарының түсуі графикалық емес тұрақтарды қысқартады және «А» паркі жолдарының жұмыспен қамтылуына байланысты туындаған Арыс станциясының маршруттық бағдаршамдарындағы пойыздар кідірістерін азайтады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі