Ақмола облысында 60 шақырымнан астам темір жолы күрделі жөндеуден өтеді
27-02-2025
2025 жылы ҚТЖ магистральдық желісі Ақмола бөлімшесінің шекараларында 110 км астам теміржол төсемі жаңартылады, оның 62 км – күрделі.
Күрделі жөндеу кезінде Жаңаесіл 1 – Целинная, Қарағай – Васильковка, Жақсы – Қазақ учаскелерінде ескі жол алынып, жаңа рельсті-шпал торы салынады.
Күрделі жұмыстардан басқа, биыл ақмолалық теміржолшылар 34 км рельсті тіректерді және темірбетон негізіндегі бағыттамалы бұрмалардың 99 кешенін ауыстырады. Сондай-ақ, Бауманская – Пресногорьковская, Саумалкөл-Уголки және т. б. күшейтілген орташа, орташа жөндеу жұмыстарын (14 км) жүргізеді.
Жөндеу жұмыстары кезінде теміржолшылар ауыр типтегі жоғары өнімді машиналарды (РM, Duomatic, РШП-Atlas, Unimat және т.б.) қолданады.
Қазақстанда 2025 жылы барлығы 1480 шақырым теміржол жөнделеді. 2024 жылы 1407 км жол жаңғыртылса, оның 570 км күрделі жөндеумен қамтылды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі