Алтынкөл станциясы арқылы жүк экспорты бойынша ТЖЫҰ жылдық жоспары мерзімінен бұрын орындалды

Жаңалықтар

Алтынкөл станциясы арқылы жүк экспорты бойынша ТЖЫҰ жылдық жоспары мерзімінен бұрын орындалды




06-11-2025

5 қарашада Алтынкөл халықаралық шекара өткелінде Темір жол ынтымақтастығы ұйымының (ТЖЫҰ) жүк экспорты жөніндегі жылдық жоспары мерзімінен бұрын орындалды. Ауыстырып тиеу көлемі 6,7 млн тоннадан асты, бұл жылдық көрсеткіштің 100% -на сәйкес келеді.

Нәтижеге мерзімінен бұрын қол жеткізу экспорттық тасымалдарды ұйымдастыруға қатысатын бөлімшелердің бірлескен табысты жұмысының, сондай-ақ ҚР мен ҚХР теміржолшыларының, жүк жөнелтушілер мен жүк алушылардың өзара іс-қимылының жоғары деңгейінің арқасында мүмкін болды.

Алтынкөл станциясы - Қазақстан, Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы көлік бағытындағы негізгі логистикалық торап.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі