Алтынкөл МАТП арқылы ҚХР-ға пойыздарды тапсырудың рекордтық көлемі

Жаңалықтар

 Алтынкөл МАТП арқылы ҚХР-ға пойыздарды тапсырудың рекордтық көлемі




04-03-2025

2025 жылғы 3 наурызда Алтынкөл – Қорғас шекаралық өткелі арқылы пойыздарды тапсырудың тарихи рекорды орнатылды. Бұл нәтижеге Қазақстан мен Қытай теміржол әкімшіліктерінің басшылары арасындағы уағдаластықтар арқасында қол жеткізілді.

Бұрын айырбастау тәулігіне 8 пойыздан аспайтын. Осы келісім қазақстандық кәсіпорындардың астық жүктерін (құрама жем, ұн, ұнтақ өнімдері), кен жүктерін, қара және түсті металдарды қоса алғанда, экспортқа қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

2025 жылғы 1 шілдеден бастап Достық – Алашаңқай шекара өткелінде пойыздар алмасуын тәулігіне 14-тен 28 құрамға дейін ұлғайту жоспарлануда.


Анықтама:

2025 жылдың екі айында Қытайға пойыздарды тапсыру көлемі 18% өсіп, 3,4 млн тоннаны құрады, оның ішінде:

- Достық-Алашаңқай арқылы - 10%, 2,2 млн тоннаға дейін;
– Алтынкөл-Қорғас арқылы - 37%, 1,2 млн тоннаға дейін.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі