Алматы темір жол бөлімшесі жүк тасымалының өсімін көрсетіп отыр
25-06-2025
2025 жылдың қаңтар - мамыр айларының қорытындысы бойынша Алматы темір жол бөлімшесінде тасымалдау көлемі 8,2 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 16% жоғары. Өсім жүктердің бірқатар негізгі түрлері бойынша тіркелді. Мәселен, түсті кенді тасымалдау 6,5% артып, 450 мың тоннаға жетті. Құрылыс жүктерін тасымалдау көлемі 70%, яғни 914 мың тоннаға дейін өсті, бұл өңірде инфрақұрылымдық жобаларды белсенді іске асырумен байланысты.
Агроөнеркәсіптік жүктер айтарлықтай өсуді көрсетті: құрама жем тасымалдау 74%, яғни 14,8 мың тоннаға дейін, күнжара - 10,7%, яғни 37 мың тоннаға дейін ұлғайды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі