Алматы айналма темір жол торабы жүктемені 40% түсіреді

Жаңалықтар

Алматы айналма темір жол торабы жүктемені 40% түсіреді




03-06-2025

Ұзындығы 75 км Алматы станциясын айналып өтетін теміржол желісінің құрылысын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Айналма жол Алматы торабы жүктемесін 40% түсіреді және жүктерді жеткізу уақытын қысқартады. 

Бүгінгі таңда негізгі көлік дәліздерінің қиылысында орналасқан Алматы теміржол торабы ауыртпалықты бастан кешуде. Жобаны іске асыру Жетіген – Қазыбек бек жаңа теміржол тармағына қатынастардың барлық түрлерінде жүк тасымалдарын, оның ішінде Алматы-1 станциясы арқылы өтетін транзиттік жүк ағынын ауыстыруға мүмкіндік береді. 
 


Бүгінгі таңда жаңа жолға арналған жер төсемін төсеу бойынша жұмыстар 96% аяқталды. Машиналар мен механизмдерді қолдана отырып 6 миллион текше метрден астам топырақ төгілді. Дайындалған негізге 30 км-ден астам рельстішпалды тор төселді. Жасанды құрылыстар салынуда. Жобада көзделген 19 көпірдің 17-сі орнатылды. 55 құбырдың 49-ын  орнату аяқталды. Электр жабдықтарын монтаждау, орталық бұғаттау құралдарын орнату және т. б. бойынша жұмыстар жүргізілуде. 


Теміржол құрылысы іргелес салаларға үлкен мультипликативті әсер етеді. Жергілікті қамту үлесі 85% құрайды. ҚТЖ қазақстандық зауыттарынан 228 мың шпал мен 16 мың тонна рельс сатып алды. Инертті материалдарды, құмды және қиыршық тасты жеткізуді жергілікті компаниялар жүзеге асыруда. Барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын отандық мердігерлік ұйымдар орындап отыр.       

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі