Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

Алматы - 1-Сарыөзек учаскесінің теміржол өткеліндегі ЖКО туралы ақпарат




17-03-2025

17 наурызда сағат 04:05-те Алматы – 1-Сарыөзек учаскесінің күзетілетін теміржол өткелінде жүк пойызының машинисі шұғыл тежеу қолдануына тура келді. Мұның себебі жабық шлагбаумды айналып өтіп, өткелге шыққан автокөлік жүргізушісінің жол ережесін бұзуы болды.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жолдың және өткел инфрақұрылымының зақымдануы тіркелмеді. Локомотивте зақым анықталды-автоілу тұтқасы бүгілген. Пойыз 20 минуттық кідіріспен қозғалысын жалғастырды. Оқиға туралы ақпарат Қапшағай станциясының желілік полиция басқармасына берілді.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі