82 мыңнан астам ұзынқұрамды құрамдар Оңтүстік-Шығыс аймағы бойынша пойыздар қозғалысын басқарудың өңірлік орталығында құралды
25-02-2025
2024 жылғы жұмыс қорытындысында Оңтүстік-Шығыс аймағы бойынша Пойыздар қозғалысын басқарудың өңірлік орталығы (ПБӨО-2) негізгі пайдалану көрсеткіштерінің жақсарғанын көрсетті. Атап айтқанда, локомотивтердің өнімділігі 101,3%, локомотивтердің жүрісі 100,6%, ал жұмыс вагондарының айналымы 123,4% құрады. Вагондардың өнімділігі 2023 жылмен салыстырғанда 21,5% өсті.
Ұзынқұрамды және ауыр жүк пойыздарын өткізу қабілеттілігінің артуын ерекше атап өткен жөн. 2024 жылы 82 мыңнан астам ұзын құрамды құрамдар құрылды және өткізілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 15,3% артық. Өз кезегінде, өткізілген ауыр жүк пойыздарының саны 3560 болды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 54% артық.
Сондай-ақ, контейнерлік тасымалдарды дамыту шеңберінде Оңтүстік-Шығыс ПБӨО-2 өткізіп жіберілген 8673 пойызды құраған ұзын құрамды контейнерлік пойыздар санын көбейтті. Оның 7982-сы ұзын пойыз, ал 691-ы қос контейнерлік пойыз болды.
2024 жылдың деректері бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы 32 миллион тоннаға жетті - бұл 2023 жылмен салыстырғанда 13,2% артық. Шекаралық станциялар арқылы жүк ағынын ерекше атап өту керек: Достық — Алашаңқай станциясы арқылы 18 миллион тонна тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,6%, ал Алтынкөл — Қорғас арқылы - 13,7 миллион тонна (11,3% ұлғайды).
Бұдан басқа, 2024 жылғы 24 қарашада Достық – Алашаңқай шекаралық өткелі арқылы жүктерді тапсыру жөніндегі ТЖЫҰ-ның жылдық жоспары мерзімінен бұрын орындалды, бұл ПБӨО-2 үшін маңызды жетістік болды.
Оңтүстік-Шығыс аймағы бойынша Пойыздар қозғалысын басқарудың өңірлік орталығына 264 адам қызмет көрсетіп, Алматы, Шымкент, Жамбыл және Семей бөлімшелерінің 25 диспетчерлік шеңберінің сенімді жұмысын қамтамасыз етіп отыр. ПБӨО-2 жолдарының жалпы ұзындығы 4830 км құрайды, оның 1378 км екі жолды және электрлендірілген. ПБӨО-2 құрамында - 317 бөлек пункт, оның ішінде 12 кластан тыс және 10 I класты станция бар.
Орталықта 5 мемлекетаралық түйіспе бар: Ресеймен — Локоть станциясы, Қытаймен — Достық және Алтынкөл станциялары, Қырғызстанмен— Түрксіб станциясы және Өзбекстанмен — Сарыағаш станциясы.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі