№7502/7501 «Астана-Павлодар» бағыты бойынша қала маңы электр пойызының қозғалыс кестесі жаңартылды

Жаңалықтар

№7502/7501 «Астана-Павлодар» бағыты бойынша қала маңы электр пойызының қозғалыс кестесі жаңартылды




24 07 2025

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана-Павлодар» бағытындағы №7502/7501 қала маңы электр пойызының қозғалыс кестесіне өзгеріс енгізілгенін хабарлайды. Бұл өзгеріс жолаушылардың жайлы қатынауын қамтамасыз етіп, пойыздан кейін түнгі сағат 00:00-ге дейін жүретін қалалық көлікке дер кезінде ауысуға мүмкіндік беру үшін енгізілді.

 

Енді электр пойыз Астанадан сағат 16:20-да жүріп, Павлодарға сағат 22:59-да жетеді. Кері бағытта Павлодардан сағат 08:05-те жолға шығып, Астанаға сағат 15:15-те келеді.

 

Пойыз құрамында 6 вагон бар және ол күн сайын қатынайды. Жолаушыларға 1-, 2- және 3-санатты вагон қызметін таңдауға мүмкіндік беріледі. Вагондарда кондиционерлер, ауа тазарту жүйесі, биодәретханалар, жайлы орындықтар және Vputi.kz медиапорталына қосылуға мүмкіндік беретін тегін Wi-Fi желісімен жабдықталған.

 

Қала маңы пойыздарына билеттерді жолға шығатын күннен 10 тәулік бұрын сатып алуға болады. Билеттерді комиссиясыз https://bilet.railways.kz сайтынан немесе теміржол вокзалдарындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан алуға болады.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі