2025 жылы Павлодар өңірінде 200 шақырымнан астам темір жолы жаңғыртылады
21-02-2025
ҚТЖ Павлодар магистральдық желі бөлімшесінің теміржолшылары 2025 жылы Есеншілік-Едіге, Қырқыншы-Сары-Оба, Ақсу-1 – Ақсу-2, Спутник - Бастау аралықтарында 59,3 км жолды күрделі жөндеуден өткізеді.
Сондай-ақ жоспарланған:
Ауыр типтегі машиналарды (RM, DM, DGS, PBR, Unimat, DESEC) пайдалану 150 км астам теміржол төсемінің күйін жақсартады. Павлодарлық теміржолшылар ластанған балласты терең кесуді, жолды рихтауды, жолды және бағыттамалық бұрмаларды түзету мен ұруды жүргізеді.
2025 жылы Қазақстанда барлығы 1480 шақырым теміржол жөнделеді. 2024 жылы 1407 км жаңғыртылды, оның 570 км күрделі жөндеумен қамтылды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі