2024-2025 жылдардағы жылыту маусымында теміржол көлігімен 67 млн тоннадан астам көмір тасымалданды

Жаңалықтар

2024-2025 жылдардағы жылыту маусымында теміржол көлігімен 67 млн тоннадан астам көмір тасымалданды




10-04-2025

2024-2025 жылдарғы жылыту маусымы кезеңінде (2024 жылғы мамырдан 2025 жылғы наурызға дейін) Қазақстан аумағы бойынша теміржол көлігімен 67 млн тонна көмір жеткізілді. Оның ішінде жылу электр орталықтары (ЖЭО) үшін — 60 млн тонна, коммуналдық — тұрмыстық секторға — 7 млн тонна. 

Қазіргі жағдай бойынша ЖЭО-дағы көмір қоры шамамен 3,7 млн тоннаны құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі көрсеткіштерінен 12% артық. Көмір тұйықтарында қосымша 400 мың тоннаға жуық отын жинақталған. 

Қатты отынды тасымалдауды жедел бақылау және үйлестіру үшін "Қазақстан темір жолы" ҰК"  АҚ-да тәулік бойы штаб жұмыс істейді. 
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі