20 мыңнан астам азаматқа теміржолда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері түсіндірілді
14-05-2025
2025 жылдың бірінші тоқсанында теміржолшылар елді мекендер тұрғындары арасында және темір жолға жақын орналасқан оқу орындарында 843 ақпараттық-ағарту іс-шараларын өткізді. Кездесулерде теміржол арқылы қауіпсіз өту ережелері талқыланды. Бұл іс-шараларға 21 мыңнан астам адам қатысты. Бұдан басқа, темір жолдар арқылы рұқсат етілмеген орындарға ЖІІБ қызметкерлерімен 257 профилактикалық рейд жүргізілді.
Оқиғаларды талдау көрсеткендей, адамдарды басудың барлық жағдайлары жеке абайсыздықпен байланысты. Қайғылы оқиғалардың негізгі себептері - теміржолдың белгіленбеген жерлерінен өту, назар аудармау және мас болу.
ҚТЖ азаматтарды теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Өз өміріңізге және айналаңыздағы адамдардың өміріне қауіп төндірмеу үшін абай болыңыз — ережелерді сақтаңыз және қауіпсіздікте болыңыз.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі