ҚТЖ XIV республикалық жастар форумы: жаңа энергия, жаңа идеялар
09-12-2025
Астанада «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ XIV республикалық жастар форумының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара Қазақстанның ұлттық теміржол тасымалдаушысының өршіл және белсенді өкілдерін біріктіре отырып, еліміздің түкпір-түкпірінен 250 астам жас, үздік мамандарды жинады.
Форумды аша отырып, ҚТЖ басшылығы жас кадрларды трансформациялық процестерге, инновациялық жобаларға және компанияның стратегиялық бастамаларына тартудың маңыздылығына назар аудара отырып, саланы дамытудағы жастардың шешуші рөлін атап өтті.
Форум ашық диалог, тәжірибе алмасу және шабыт алу алаңына айналды. Бағдарламада топ-менеджерлердің қатысуымен өткен сессиялар, сарапшылардың мастер-кластары, ынталандыру кездесулері мен қазірдің өзінде теміржол саласының тиімділігі мен тұрақтылығына үлес қосып отырған жастар жобаларының презентациялары бар.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ корпоративтік мәдениетті нығайтуды, жас таланттарды дамытуға инвестиция салуды және «Мықты жастар – мықты ҚТЖ» қағидатына адал бола отырып, олардың кәсіби өсуі үшін барлық жағдайларды жасауды жалғастыруда.
ҚТЖ XIV республикалық жастар форумының маңызды ерекшелігі халықаралық делегациялар – Ресей, Қырғызстан, Моңғолия және Армениядан келген теміржол компаниялары жастар ұйымдарының өкілдерінің қатысуы болды. Бұл форумға ерекше мәртебе береді және еуразиялық кеңістіктегі жастар диалогының өсіп келе жатқан маңыздылығын көрсетеді. Мұндай халықаралық қатысу тәжірибе алмасу, бірлескен бастамаларды қалыптастыру және көлік саласының болашақ көшбасшылары арасындағы достық байланыстарды нығайту үшін жаңа көкжиектер ашады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі