ҚТЖ-да Бас есептеу орталығының 2025 жылғы қызметінің қорытындысы шығарылды

Жаңалықтар

ҚТЖ-да Бас есептеу орталығының 2025 жылғы қызметінің қорытындысы шығарылды




23-12-2025

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Бас есептеу орталығы» филиалында (БЕО) 2025 жылғы жұмыс қорытындыларына және келесі жылға арналған даму перспективаларын талқылауға арналған кеңейтілген семинар өтті. Кеңеске БЕО өңірлік бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.

850-ден астам маман жұмыс істейтін бас есептеу орталығы ақпараттық жүйелерді, автоматтандырылған басқару жүйелерін және ҚТЖ жұмыс орындарын бағдарламалық-технологиялық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

БЕО базасында компанияның ақпараттық жүйелерін пайдаланушылар өтінімдерін қабылдауды және тіркеуді қамтамасыз ететін «ҚТЖ» ҰК» АҚ Бірыңғай байланыс орталығы (жедел желі телефоны: 1453) жұмыс істейді. Мұнда GLPI (Open Source Software) ашық бағдарламалық қамтамасыз ету платформасында өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі енгізілген. 2025 жылдың 11 айында жүйеде 270 мыңнан астам өтінім тіркеліп, 22 мыңға жуық пайдаланушы тіркеуге алынды.

2025 жылы БЕО процестерді автоматтандыру, қол еңбегі мен операциялық шығындардың үлесін азайту арқылы жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін Documentolog электрондық құжат айналымы жүйесін енгізуді бастады. Сонымен қатар, компания объектілерін пайдалану шығындарын азайтуға, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және АТ-блогы қызметкерлерінің құзыреттерін дамытуға бағытталған «Соңғы миль» жобасына қосу бойынша іс-шаралар іске асырылуда.

Кеңес аясында қатысушылар серверлік үй-жайлардың жұмысымен танысып, инновациялық залды, бірыңғай цифрлық терезені және Теміржол көлігінің орталық мұражайын аралады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі