ҚТЖ-да Alstom-ның қатысуымен жыл сайынғы техникалық семинар өтті

Жаңалықтар

ҚТЖ-да Alstom-ның қатысуымен жыл сайынғы техникалық семинар өтті




06-01-2025

ҚТЖ-да «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС, «ҚТЖ – Жолаушылар локомотивтері» ЖШС және KZ8A және KZ4AT сериялы электровоздарды өндіруші Alstom компаниясының қатысуымен жыл сайынғы техникалық семинар өтті.

«Біздің Alstom-мен бірлескен тарихымыз 11 жылдан асады. Осы уақыт ішінде біз өзара сенім, кәсіби өзара іс-қимыл және тұрақты жұмыс процестерін құрдық. Alstom-мен серіктестіктің арқасында біз өңірдегі ең сенімді локомотив парктерінің бірін құра алдық», – деп атап өтті «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Бас директоры Асан Үмбетов.

Семинар барысында техникалық мәселелер ғана емес, сонымен қатар локомотивтерді пайдалануды жүйелі жетілдіру, сенімділікті арттыру, қызмет көрсету процестерін оңтайландыру, сондай-ақ ұзақ мерзімді даму үшін жаңа шешімдер іздеу мәселелері талқыланды.

ҚТЖ пайдалануында KZ8A сериялы 180 электровоз бар. Жедел қолдаудың және локомотивтердің жауапты өндірушісі – «ЭҚЗ» ЖШС тарапынан сервистік сүйемелдеудің жоғары деңгейі арқасында локомотив паркінің сенімділік көрсеткіштері 96% деңгейінде тұрақты ұсталып тұр, бұл белгіленген жоспарға 95-97% сәйкес келеді және техниканың жоғары сапасын растайды.

Семинар тәжірибе алмасу, әріптестік байланыстарды нығайту және Қазақстанның теміржол көлігінде локомотивтерді пайдалану тиімділігін арттыру үшін маңызды алаңға айналды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі