Мойынты-Шығанақ учаскесінде арнайы комиссия жұмыс істеуде
11-12-2025
"ҚТЖ" ҰК" АҚ 2025 жылғы 10 желтоқсанда сағат 17:15 – те Мойынты – Шығанақ учаскесінің Шешенқара-Қаражанғыл аралығындағы рельсті ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстарды орындаған Сарышаған станциясының жол бригадасымен болған жазатайым оқиғаның себептерін тергеу бойынша барлық шараларды қабылдап отыр. ҚТЖ зардап шеккендердің отбасыларына барлық қажетті көмекті көрсетеді. Жедел шешімді талап ететін барлық мәселелер ерекше бақылауға алынды.
Естеріңізге сала кетейік, оқиғаның барлық мән-жайлары мен себептерін анықтау үшін "ҚТЖ - Жүк тасымалы" ЖШС және Магистральдық желі дирекциясы басшыларының қатысуымен компанияның бас инженерінің басшылығымен арнайы комиссия құрылды.
Сондай-ақ оқиға орнында уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдері жұмыс істеуде.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі