Қазақстан бидайы Қытай арқылы Вьетнамға темір жол көлігімен жөнелтілді

Жаңалықтар

Қазақстан бидайы Қытай арқылы Вьетнамға темір жол көлігімен жөнелтілді




16 07 2025

       15 мың тоннадан астам қазақстандық бидай Вьетнамға Қытай аумағы арқылы темір жол көлігімен экспортталды. Астық жүктері Хайфон портына (Вьетнам) Достық және Алтынкөл шекаралық өткелдері арқылы жеткізілді.

       Экспорт 2025 жылдың мамырынан шілдесіне дейін жүзеге асырылды. Ақмола облысының Азат, Ақкөл және Көкшетау станцияларынан барлығы сегіз құрам құрылып, жөнелтілді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі