2025 жылдың қорытындысында ҚТЖ S&P Global нұсқасы бойынша әлемнің үздік көлік компанияларының 3% кірді

Жаңалықтар

2025 жылдың қорытындысында ҚТЖ S&P Global нұсқасы бойынша әлемнің үздік көлік компанияларының 3% кірді




25-12-2025

S&P Global халықаралық рейтингтік агенттігі 2025 жылғы 23 желтоқсанда Корпоративтік тұрақтылықты жаһандық бағалауда (CSA Corporate Sustainability Assessment) «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ESG-бағалауының нәтижелерін жариялады.   

2025 жылдың қорытындысы бойынша компанияға 75 балл берілді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 15 тармаққа жоғары. 

Қол жеткізілген нәтиже «ҚТЖ» ҰК» АҚ S&P Global бағалауынан өткен әлемнің жетекші көлік компанияларының (300-ден астам компанияның ішінде) топ-3% кіруге мүмкіндік берді. 

ESG-рейтингі S&P Global тұрақты дамуды бағалаудың беделді халықаралық құралдарының бірі болып табылады және оны инвесторлар, қаржы институттары мен іскер серіктестер шешім қабылдауда кеңінен қолданады. 

ESG-көрсеткіштерін арттыру компанияның тұрақты өсуге, тиімділікті арттыруға және жауапты бизнес жүргізуге бағытталған ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес келеді. Әлемдегі ең үздік көлік компанияларының қатарына кіру компанияның халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін растайды. 

S&P Global ұсынған «ҚТЖ» ҰК» АҚ рейтингінің нәтижелері S&P Global веб-сайтында мына сілтеме: spglobal.com/sustainable1/en/scores/results?cid=6936442 бойынша қолжетімді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі