Жыл басынан бері "Қазтеміртранс" АҚ 3 мыңнан астам жүк вагонын жөндеді

Жаңалықтар

Жыл басынан бері "Қазтеміртранс" АҚ  3 мыңнан астам жүк вагонын жөндеді 




10-05-2024

"Қазтеміртранс" АҚ (ҚТТ) өзінің жылжымалы құрамын жөндеудің және техникалық қызмет көрсетудің жоспарлы түрлерін белсенді жүргізуде. 2024 жылдың басынан бері 3 мыңнан астам жүк вагоны жөнделді.  

ҚТТ жүк жөнелтушілерге сенімді және заманауи теміржол қызметін ұсына отырып, көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету миссиясын жалғастыруда.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі