«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыз вагондарының біріндегі терезенің сынған жағдайына түсініктеме берді

Новости

«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыз вагондарының біріндегі терезенің сынған жағдайына түсініктеме берді

06-08-2023




 

Үш-Төбе станциясында «Өскемен-Алматы-2» қатынасындағы №352/351 жолаушылар пойызы вагонының терезесі әйнегін белгісіз біреулер құрамның жүру жолында шағып кеткен. Вандализмнің бұл фактісі тіркелді.

 

Алматы-2 станциясына келгенге дейін пойыз бригадасы жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін терезені күңгірт пердемен жапқан. Қазіргі уақытта әйнек орнатылып, вагон техникалық жарамды күйде.

 

Ағымдағы жылдың басынан бастап пойыздың жүру жолында әйнек шағудың 37 жағдайы тіркелді.

 




«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі