"Жолаушылар тасымалы" АҚ ауа райының қолайсыздығына байланысты "Астана-Көкшетау" бағыты бойынша қосымша электр пойызын іске қосады
30-12-2023
Ауа райының қолайсыздығынан автокөлік қозғалысының тоқтатылуына байланысты ҚТЖ-да көліктің баламалы түрлерін пайдалануға мүмкіндігі жоқ азаматтарды тасымалдау үшін қосымша пойыз тағайындау туралы жедел шешім қабылданды.
Ағымдағы жылдың 30 желтоқсанында сағат 17.00-де Астанадан №6831/6832 "Астана - Көкшетау" қосымша электр пойызы жөнелтіледі. Жолаушыларға 390 орын ұсынылады. Кері бағытта пойыз Көкшетаудан сағат 22.35-те жолға шығады.
Вокзалдар мен пойыздарда жолаушылар ағынының күрт өскенін ескере отырып, "Жолаушылар тасымалы" АҚ сапарлардан бас тартуды ұсынады және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі