Жолаушылар пойыздарының қозғалысы туралы
17 желтоқсан 2023, 17:05
Ағымдағы жылдың 17 желтоқсанында Жамбыл облысының Қордай және Шу аудандары аумағында ауа райының тұрақсыздығына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай сақталуда.
Осыған байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ Астана уақытымен сағат 12:00-дегі жағдай бойынша ауа райы жағдайлары жақсарғанға дейін жолаушылар пойыздары қозғалысының кешігуі, тоқтатылуы және кестесінің өзгеруі туралы хабарлайды.
15 желтоқсаннан бастап қиын учаске бойынша қозғалыс қайта басталды, пойыздар кеш жүреді, келесі жолаушылар пойыздарының келу станциясына дейін кешігуі сақталады:
- №77 Алматы-Маңғыстау пойызы 15 сағат 40 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 17.12.23 ж. Маңғыстау станциясынан пойыз сағат 22:00-де 14 сағатқа кешігіп кетеді;
- №7 Алматы-Саратов пойыз 10 сағат 42 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 17.12.23 ж. Саратов станциясынан пойыз 23: 59 минутта 10 сағатқа кешігіп жолға шығады;
- №33 Алматы-Ақтөбе пойызы 19 сағат 23 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 17.12.23 ж. Ақтөбе станциясынан пойыз жөнелтілімі тоқтатылады;
- №509 Алматы-Орал пойызы 18 сағат 35 минутқа кешіктіріліп, диспетчерлік кестемен жүреді;
- №511 Алматы-Атырау пойызы 20 сағатқа кешіктіріліп, диспетчерлік кестеге сәйкес келеді;
- №21 Семей-Қызылорда пойызы 08 сағат 27 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 17.12.23 ж. Қызылорда станциясынан пойыз кестеге сәйкес жөнелтіледі.
- №23 Алматы-Ақтөбе пойызы 08 сағат 36 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 18.12.23 ж. Ақтөбе станциясынан пойыз сағат 01:00-де 2 сағатқа кешігіп кетеді;
- №33 Ақтөбе-Алматы пойызы 06 сағат 23 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 18.12.23 ж. Ақтөбе станциясынан пойыз сағат 01:15-те кетеді;
- №21 Семей-Қызылорда пойызы 12 сағат 14 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 19.12.23 ж. Семей станциясынан пойыз сағат 20:00-де 6 сағат 26 минутқа кешігіп кетеді;
- №27 Алматы-Орал пойызы 8 сағат 41 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 18.12.23 ж. Орал станциясынан пойыз сағат 02:00-де 3 сағатқа кешігіп кетеді;
- №25 Алматы-Шымкент пойызы 6 сағат 38 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 17.12.23 ж. Шымкент станциясынан пойыз 20:40-та жол тартады;
- №3 Алматы-Нұр-Сұлтан пойызы 8 сағат 55 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 17.12.23 д. Нұр-Сұлтан станциясынан пойыз сағат 20:20-да кетеді;
- №11 Алматы-Шымкент пойызы 8 сағат 20 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 17.12.23 ж. Шымкент станциясынан пойыз сағат 18:10-да кетеді;
- №386 Бішкек-Новосибирск пойызы 8 сағат 01 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 17.12.23 Новосибирск станциясынан пойыз сағат 16:00-де 6 сағатқа кешігіп кетеді;
- №22 Қызылорда-Семей пойызы 10 сағат 44 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 17.12.23 Семей станциясынан пойыз сағат 23:00-де 9 сағатқа кешігіп кетеді;
- №22 Қызылорда-Семей пойызы 5 сағат 38 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 18.12.23ж. Семей станциясынан пойыз сағат 16:00-де 2 сағат 25 минутқа кешігіп кетеді;
- №16 Петропавл-Алматы пойызы 9 сағат 35 минутқа кешіктіріледі, жеке пойыз.
Сондай-ақ, келесі жолаушылар пойыздарының қызметі уақытша тоқтатылды:
- №10 Нұр-Сұлтан 1-Алматы 2 ағымдағы жылғы 15 желтоқсанда Нұр-Сұлтан-1 станциясынан 1 күнге жөнелту арқылы;
- №9 Алматы 2-Нұр-Сұлтан 1 а. ж. 15 желтоқсанда Алматы-2 станциясынан 1 күнге жөнелту арқылы;
- №29/30 Атырау-Алматы 1 Атырау станциясынан а. ж. 16 желтоқсанда қайту жолымен Алматыдан а. ж. 18 желтоқсанда 1 рейске;
- №3/4 Алматы 2-Нұр-Сұлтан Нұрлыжол а. ж. 15 желтоқсанда Алматы-2 станциясынан Нұр-Сұлтан Нұрлы жолдан 16 желтоқсанда қайту жолымен;
1 рейске
- №505/506 Алматы 2-Жезқазған а.ж. 15 желтоқсанда Алматы-2 станциясынан Жезқазғаннан а. ж. 16 желтоқсанда қайту арқылы 1 рейске .
Сондай-ақ, №34/33 Ақтөбе Алматы-1 жүрдек пойызының ағымдағы жылғы 17 желтоқсанда Ақтөбеден жөнелтілуімен ағымдағы жылғы 18 желтоқсанда Алматыға келуімен, сол күні жолға шығып Ақтөбеге келуімен 20 желтоқсанда 1 рейспен жүруі тоқтатылады.
Жолаушылар "1433" тегін нөмірі және "KTZH_PP_BOT" Телеграмма боты арқылы жолаушылар пойыздарының кешігуі және тоқтатылуы туралы ақпарат ала алады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі