Жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау 2023 жылы 5 миллионға өсті
05-01-2024
2023 жылы ҚТЖ желісіндегі тиеу 257,3 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 млн тоннаға артық. Экспорт 2022 жылғы көрсеткішке қарағанда 9% өсіп, 85,8 млн тоннаны құрады.
Жыл қорытындысы бойынша республика бойынша тас көмір тиеу 2022 жылғы деңгейде қалып, 74 млн тоннаны құраса, экспортқа 31,7 млн тоннасы жөнелтілді. Астық тасымалдау көлемі 2022 жылғы деңгейге қарағанда 12,2%, яғни 11,2 млн тоннаға дейін өсті, оның ішінде экспортқа 9 млн тонна тиелсе, өсім 12,7% құрады. Ұнтақ өнімдерін тасымалдау 3 млн тоннадан асты, бұл өткен жылдың деңгейіне сәйкес келеді.
Темір жолдағы тиелген жүктер:
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу үшін елдің батыс өңірлеріне 3,2 млн тонна қиыршық тас жеткізілді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда бір млн тоннадан астамға артық.
2023 жылы пайдалану жүк айналымы 2022 жылғы деңгейге қарағанда 7,5% өсіп, 270 млрд тарифтік тонна-км құрады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі