Жиделі-Бірлік аралығындағы жазатайым оқиға туралы ақпарат-бірлік
21-01-2024
2024 жылдың 21 қаңтары 07 сағат 27 минутта Шығанақ-Шоу учаскесінің Жиделі-Бірлік аралығында теміржол көлігінің екі қызметкерімен жазатайым оқиға орын алды. Пойыз машинисі жедел тежеуді іске қосқанымен, алайда қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмады. Барлық мән-жайларды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы барды.Тексеру басталды.
ҚТЖ қызметкерлердің отбасыларына шын жүректен көңіл айтады және оларға қажетті көмек көрсетеді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі