Жеке жолдардағы жағдай туралы ақпарат
15-10-2024
Ағымдағы жылдың 15 қазаны сағат 10-нан 10 минут өткенде Сарысу разъезі маңындағы жеке жолдарда жеке меншікке тиесілі тепловоз бен локомотив соқтығысқан. Нәтижесінде бес бос вагон мен тепловоз аударылды. Жеке локомотив бригадалары орташа жарақат алды.
Оқиға басқа пойыздар қозғалысына және магистральдық желі жұмысына әсер еткен жоқ.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі