Жас полицейлер орталық теміржол тарихының мұражайында болды

Жаңалықтар

Жас полицейлер орталық теміржол тарихының мұражайында болды




28-08-2024

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында ҚР ІІМ Көліктегі полиция басқармасының жас қызметкерлері үшін ҚТЖ ғимаратында орналасқан теміржол көлігі тарихының орталық мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.  

Экскурсияға елорда вокзалдарында, пойыздар мен әуежайларда қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ететін полиция қызметкерлері қатысты.

Жас полицейлерге биыл 120 жылдық мерейтойын атап өтетін ел экономикасының негізгі тірегі – темір жолдың құрылу тарихы, дамуы мен қалыптасуы туралы айтылды.
 


Экскурсияға қатысушылар теміржолшылардың жылдар бойы жинаған бірегей жәдігерлерін тамашалады. Оның ішінде мұрағат құжаттары, марапаттар мен сирек кездесетін фотоматериалдар, станса басшылары мен машинистер киетін әр уақыттағы теміржолшылардың қызметтік киімдері бар.


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаментінің ардагерлері кеңесінің төрағасы Есболат Шаймерденов атап өткендей, мұндай іс-шаралар жас қызметкерлердің дүниетанымына оң әсерін тигізіп, отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. 

ҚТЖ мен Көліктегі полиция басқармасы теміржол көлігі нысандарында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді ынтымақтасуда.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі