Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты 5 пойыз уақытша тоқтатылады

Жаңалықтар

Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты 5 пойыз уақытша тоқтатылады

 

15.12.2023

 

Жамбыл облысындағы ауа-райының күрт нашарлауы жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесінің бұзылуына әкелді, осыған байланысты келесі құрамдардың жүруі уақытша тоқтатылады:

 

- №10 Нұр-Сұлтан1 – Алматы2 Нұр-Сұлтан-1 станциясынан жөнелту арқылы а. ж. 15 желтоқсанында 1 күнге;

 

- №9 Алматы 2 – Нұр-Сұлтан1 Алматы-2 станциясынан жөнелту арқылы а. ж. 15 желтоқсанында 1 күнге;

 

- №29/30 Атырау – Алматы1 Атырау станциясынан а. ж. 16 желтоқсанда Алматыдан қайту а. ж. 18 желтоқсанында 1 рейске;

 

- №3 Алматы 2 – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол Алматы-2 станциясынан жөнелту арқылы а. ж. 15 желтоқсанында кері Нұр-Сұлтан Нұрлы жолдан а. ж. 16 желтоқсанында 1 рейске;

 

– №505/506 Алматы 2 – Жезқазған Алматы-2 станциясынан жөнелту арқылы а.ж. 15 желтоқсанында Жезқазғаннан кері қарай а. ж. 16 желтоқсанында 1 рейске.

 

Пойыз жолаушыларына сатып алынған темір жол билеті үшін ақшалай қаражат қайтарылады.

 

Ұлттық тасымалдаушы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Қосымша ақпарат алу үшін жолаушылар «1433» тегін нөміріне және «KTZH_PP_BOT» Телеграмм ботына жүгіне алады.

 

Естеріңізге сала кетейік, қатты жел мен аяз салдарынан Жамбыл облысының Қордай және Шу аудандары аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.




«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі