16.12.2023
Жамбыл облысындағы ауа-райының күрт нашарлауы жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесінің бұзылуына әкеліп соқтырды. Осыған байланысты №34/33 Ақтөбе-Алматы-1 жедел пойызы а.ж. 17 желтоқсанда Ақтөбеден жөнелтіліп, Алматыға а.ж. 18 желтоқсанда келетін және Алматыдан а.ж. 18 желтоқсанда жөнелтіліп, Ақтөбеге 20 желтоқсанда келетін пойыз 1 рейске уақытша тоқтатылады.
Жоғарыда көрсетілген бағытқа билет сатып алған жолаушыларға 100% мөлшерде ақшалай қаражат қайтарылады.Ұлттық тасымалдаушы қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
Қосымша ақпарат «1433» тегін нөміріне және «KTZH_PP_BOT» бот жеделхатынан алуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облысының Қордай және Шу аудандарының аумағында қатты жел мен аяздың салдарынан 14 желтоқсанда жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі