Қызылорда жолшылары қырғыз әріптестеріне тәжірибелерімен бөлісті

Жаңалықтар

Қызылорда жолшылары қырғыз әріптестеріне тәжірибелерімен бөлісті




12-12-2024

Қызылорда жол дистанциясының жұмысшылары Түркістан – Шорнақ учаскесінде рельс тіректерін (шпалдар) үздіксіз ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізуде. Жолды жөндеу жұмыстары жаңа әдіс бойынша - учаскені 36 сағатқа жабу арқылы жүргізіледі. Осы уақыт ішінде теміржолшылар жол техникасын пайдаланып үлкен көлемдегі жұмыстарды орындайды.

Қызылорда жол дистанциясының жолшылары  Duomatic, ПРБ, ВПО, ШОМ, ДГС, RM-80, SMD-80 сияқты станоктарды пайдалана отырып, 36 сағатта 3800-ден астам шпал ауыстырды. 

Қызылордалық теміржолшылар Қырғызстаннан келген мамандармен және еліміздің өзге өңірлеріндегі әріптестерімен жаңа технологиямен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісті.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі