Wabtec жасанды интеллект негізінде ҚТЖ-ға мониторинг және диагностика жүйесін береді

Жаңалықтар

Wabtec жасанды интеллект негізінде ҚТЖ-ға мониторинг және диагностика жүйесін береді




01-11-2024

Wabtec компаниясы ҚТЖ-ға Кinetix цифрлық жүйесін өтеусіз негізде береді. Kinetix цифрлық жүйесі жасанды интеллект негізінде жылжымалы құрамды мониторингілеу және диагностикалау үшін қолданылады, бұл тасымалдау процесінің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жүйе жылжымалы құрамның жай-күйін болжамды талдау есебінен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, пойыздарды техникалық және коммерциялық тексеруге кететін уақытты қысқартады, станцияларда құрамдарды өткізу мүмкіндігін кеңейтеді.

Жүйені енгізуден күтілетін әсерлердің қатарында адам факторының теріс әсер ету дәрежесін төмендету, диагностикалық ақпараттың сенімділік деңгейін арттыру және онлайн режимде тасымалдау процесін тәулік бойы бақылау бар.

Wabtec бағдарламалық жасақтаманы орнатуды, интеграциялауды, жүйені іске қосуды және екі жылдық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі