Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

Вокзалдағы жағдай туралы ақпарат




15-01-2024

Ағымдағы жылдың 14 қаңтарында демалыс күні (жексенбі) және қолайсыз ауа-райынан автомобиль жолдарының жабылуы мен екі пойыздың бір мезгілде келуімен себебінен вокзалда жолаушылар ағыны едәуір өсті. 
Вокзал бойынша кезекшілер жолаушылар ағынын реттеу жөнінде шаралар қабылдады, алайда жолаушылар тарапынан конкорстық өткелден өту кезектілігі мен қауіпсіздік техникасы сақталмады, бұл эскалаторда болудың қауіпті жағдайына әкелді. Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін эскалатор дереу тоқтатылды. Қазіргі уақытта вокзал штаттық режимде жұмыс істейді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі