Вагон шаруашылығының қызметкерлері біліктілік деңгейін арттырады

Жаңалықтар

Вагон шаруашылығының қызметкерлері біліктілік деңгейін арттырады




21-02-2024

ҚТЖ персоналды бағалау және дамыту орталығы базасында вагон шаруашылығы қызметкерлерінің құзыреттерін дамыту бағдарламасының бірінші модулі басталды. Біліктілікті арттырудан "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС вагондарына техникалық қызмет көрсету пунктінің 67 бастығы және еліміздің барлық өңірлерінен "Вагонсервис" АҚ учаскелерінің бастықтары өтеді. Олардың барлығы үлкен тәжірибесі бар өз саласының мамандары. Олар технологиялық процестің талаптарын орындауға, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, вагон паркінің сақталуына және вагон шаруашылығы еңбек жағдайының сақталуына жауап береді.


"Вагон шаруашылығы қызметкерлері үшін алғаш рет осындай ауқымды және нақты құрылымдалған біліктілікті арттыру бағдарламасы жүргізілуде. Оқытудың негізгі мақсаты - бастықтар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша алған білімдерін, дағдыларын жүйелеу", – деп атап өтті "ҚТЖ-Жүк тасымалы " ЖШС атқарушы директоры Қайраткен Нығыметов.


Теміржолшылардың кәсіби және көшбасшылық құзыреттерін дамытуға бағытталған оқыту 3 модульге есептелген және онлайн мен офлайн форматтағы іс - шараларды қамтиды.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Сәуле Истлеева өндірістік персоналды оқыту және дамыту компания жұмысының тиімділігін арттыратынын атап өтті: "Біз құзыреттілік матрицасы бойынша мамандарды бағалауды олардың кәсіби және жеке қасиеттерін одан әрі "көтеру", сол арқылы жұмыстағы тәсілдерді өзгерту, жаңа нәтижелерге қол жеткізу және  көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру үшін жүргіземіз".


Оқыту барысында теміржолшылар вагондарға техникалық қызмет көрсету және деполық жөндеу, ақауларды анықтау, инновациялық вагондарды сапалы тексеруді ұйымдастыру мәселелері бойынша білімдерін жаңартады. Тыңдаушылар үшін команданы басқару, этика кодексі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, эмоционалды интеллекті, ESG және корпоративтік мәдениет бойынша семинарлар ұйымдастырылады. Сондай-ақ Stadler вагондарын құрастыру зауытына, локомотив құрастыру және электровоз құрастыру кәсіпорындарына экскурсиялар ұйымдастырылады.

Даму бағдарламасы 2024 жылдың 29 наурызында аяқталады. Финалда панельдік сессия өткізіледі, онда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жұмысты жетілдіру, инновациялық жүк вагондарын пайдалану тиімділігі және вагон шаруашылығы қызметкерлерін оқытуды ұйымдастырудағы жаңа тәсілдер мәселелері талқыланады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі