ҚТЖ және Société Générale француз банкі келісім жасады
04-11-2024
ҚТЖ және Société Générale француз банкі Париждегі Қазақстан-француздық Іскерлік кеңесінде Alstom электровоздарын сатып алуды қаржыландырудың негізгі шарттары туралы келісім жасасты.
Тараптар 117 локомотив сатып алуға төмен ставкалар бойынша жеңілдікті қаржыландыру беру туралы уағдаласты. Кепілгер Францияның қаржы министрлігінің BPI France экспорттық-кредиттік агенттігі болып табылады.
Локомотивтер 2028 жылға дейін ҚТЖ-ға жеткізіледі. ҚТЖ паркін жаңарту тасымалдау процесіне оң әсерін тигізеді.
Анықтама үшін: Сатып алынатын электровоздар 1980 жылғы үлгідегі ескірген ВЛ-80 локомотивтерін ауыстырады. Бұл локомотивтің артықшылықтары төмен шығындар, электр энергиясын үнемді пайдалану, жоғары сенімділік және қызмет көрсету шығындарын азайту болып табылады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі