23-11-2023
Бұл туралы ҚР Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың қатысуымен өткен Үкімет отырысы барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев мәлім етті.
Ағымдағы жылдың 10 айында жүк айналымы 7,2% - ға өсіп, 224,2 млрд тонна-километрді құрады. Негізгі өсімге экспорттық және транзиттік тасымалдар есебінен қол жеткізілді. Мысалы, өткен жылмен салыстырғанда астық экспорты 32% - ға артты. Темір рудасы мен химиялық заттарды тасымалдау да осы шамада болды.
Жыл соңына қарай ҚТЖ рекордтық көрсеткішке жетуді және жүк айналымын 274 млрд тонна-километрге дейін арттыруды жоспарлаған.
Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап компания тұрақты түрде оң қаржылық нәтижеге ие. 2023 жылдың 10 айында 139 млрд. теңге мөлшерінде таза пайда алынды.
ҚТЖ-ның 2023 жылғы кірісі шамамен 2 трлн теңге болады деп күтілуде.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі