ҚТЖ жедел астық штабы қостанайлық жүк жөнелтушілермен кездесу өткізді

Жаңалықтар

ҚТЖ жедел астық штабы қостанайлық жүк жөнелтушілермен кездесу өткізді




01-11-2024

Қостанай қаласында өңірдің 50 астам жүк жөнелтушілерінің, көлік прокуратурасының, облыс әкімдігінің мемлекеттік инспекциясы мен ауыл шаруашылығы басқармасының, Атамекен ҰКП өкілдерінің қатысуымен ҚТЖ жедел астық штабының көшпелі отырысы өтті. 

Кездесуде Алтынкөл станциясы арқылы қытай тарапының астық жүктерін қабылдаудағы шектеулеріне байланысты тиеуді күтіп тұрған контейнерлердің тоқтап қалуы мәселесі талқыланды. Жағдайды тұрақтандыру үшін жүк жөнелтушілерге Достық шекара өткелі арқылы жүктерді тасымалдауды қайта бағдарлау ұсынылды. Жүк жөнелтушілер 30 астам пойыздың бағытын өзгертті. 

"Теміржолшыларға астық өңдеушілердің өтініштеріне жедел жауап бергені үшін алғыс айтамыз. Бүгін біз желідегі ағымдағы жағдай туралы толық ақпарат алдық, қараша айына арналған тасымалдау жоспарлары талқыланды. Жалпы бірқатар мәселелер шешілді", - деп атап өтті "РахматКСТ" ЖШС басшысы Анзор Ақбиев кеңес қорытындысы бойынша.

Астықты тасымалдау бойынша қойылған міндеттер мен жоспарлардың орындалуы ҚТЖ тұрақты бақылауында. 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі