15.12.2023
Ауа-райының қолайсыздығы мен нөлдік көріну жағдайында Жамбыл өңірінің теміржолшылары тәулік бойы қармен күрес жүргізуде. Ағымдағы жылғы 13-15 желтоқсан аралығында 11 мың текше метрден астам қар жиналды. Жолдарды тазарту үшін арнайы техника жұмылдырылған.
Қазіргі уақытта жолаушылар пойыздарының қозғалысы қиын учаскеде қайта жанданды. Өңір теміржол учаскелерінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пойыздардың жүру жылдамдығына шектеу қойылды.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ауа райы жағдайлары жақсарғанға дейін пойыздар қозғалысының кешігуі мен кестесінің өзгергені туралы хабарлайды. Жолаушылар пойыздарының кешігуі және тоқтатылуы туралы ақпаратты «1433» тегін нөмірі және «KTZH_PP_BOT» Телеграмм чат-боты арқылы алуға болады
ҚТЖ-да ТЖ жағдайында пойыздар қозғалысын үйлестіру бойынша барлық қатысы бар қызметтердің қатысуымен жедел штаб жұмыс істейді.
Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері ҚТЖ-мен бірлесіп ТЖ аймағында қалған азаматтарға жолаушылар пойыздарымен межелі жерге жетуге көмек көрсетеді, сондай-ақ теміржол вокзалдарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді. Көліктегі полиция департаментінің басшылығы жедел штаб құрамына енгізілген.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі