ҚТЖ өз құрылымдарында пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін басқару жүйесіне аудит жүргізуде
06-08-2024
Оның мақсаты – пойыз қозғалысы қауіпсіздігін басқару жүйесі жұмыс күйінде және тиімді екендігі туралы куәлік алу.
Аудит кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы белгіленген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру кезінде нұсқаулықтардың, ережелердің, құжаттаманың талаптарын орындау мәселелері қаралады. Іс-шара қозғалыс қауіпсіздігін арттыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеумен сәйкессіздіктердің туындау себептерін терең зерделеуге және жақсартуды жүзеге асыруға болатын қызмет салаларын айқындауға бағытталған.
Құрылымдық бөлімшелердегі аудит ревизорлық аппаратын тексеру нәтижелері, жіберілген бұзушылықтар, сондай-ақ «Қозғалыс қауіпсіздігі тәуекелдерін талдау» автоматтандырылған жүйесінің деректері бойынша жоспарланады. Аудит Жамбыл және
Қарағанды станциялары шекараларында орналасқан өңірлік және желілік кәсіпорындарда өтті.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі