ҚТЖ өз қатардарында тәртіп орнатуда
20-06-2024
Қарағанды локомотив депосында ішкі тексеру барысында ҚТЖ қызметкерлері локомотив бригадаларының дизель отынын ұрлауы фактілерін анықтады. Депо басшылығы дрон көмегімен жұмысшылар үстінен қадағалап отырды. Ақпарат уәкілетті органға берілді. ҚТЖ ЖПБ-мен бірлесіп Қарағанды-Сұрыптау станциясында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, оның барысында күдіктілер ұсталды.
Осындай жұмыс басқа өңірлерде де жүргізілетін болады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі