ҚТЖ Қызылорда — Семей бағыты бойынша жаңа вагондарды іске қосты
09-04-2024
2024 жылғы 9 сәуірде «Жолаушылар тасымалы» АҚ №21/22 «Қызылорда — Семей» жолаушылар пойызы құрамында жаңа вагондарды іске қосты. Маршрут бойынша 44 жолаушылар вагоны жүретін болады, оның ішінде 29 купе және 15 плацкарт, осылайша осы бағыт бойынша пойыздар 100% жаңартылады. Жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз ету үшін вагондар ауаны баптау жүйесімен, ауаны тазарту сүзгілерімен, түтін датчиктерімен, биодәретханалармен, сондай-ақ тамбурлардағы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Купеде электр розеткалары мен USB қосқыштары бар. Вагондарды құрастыру кезінде қолданылатын барлық материалдар мен компоненттер халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді.
«Біз Ұлттық тасымалдаушының вагон паркін жаңарту бойынша жұмысты жалғастырудамыз. №21/22 «Қызылорда — Семей» пойызы күн сайын жүретін болады. Жолаушылар құрамы бір бағытта орта есеппен 528 жолаушыны тасымалдай алады», - деп атап өтті «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Жәнібек Тайжанов.
Напомним, что в 2023 году Нацперевозчик подписал договор на поставку 150 новых вагонов, из которых 88 уже пополнили вагонный парк. Они курсируют по маршрутам Алматы-Мангистау, Алматы-Атырау, Атырау-Мангистау, Актобе-Атырау, Павлодар-Туркестан, Мангистау-Астрахань, Атырау-Астрахань, Кызылорда-Семей. Эти изменения получили положительную оценку от пассажиров, которые удовлетворены комфортом, сервисом и удобствами вагонов.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі