Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

ҚТЖ ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойды




29-02-2024

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Xi ' an Free Trade Port Construction and Operation Co., LTD (ҚХР) және «Славтранс-Сервис» акционерлік қоғамы (РФ) ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойды.

Тараптар Қытай-Қазақстан-Ресей импорттық-экспорттық экономикалық және сауда ынтымақтастығын одан әрі ілгерілету және тереңдету үшін «Селятино» (РФ) КЛО-да жаңа көлік-қойма базасын құруға бірлесіп инвестициялау мүмкіндігін қарастыруда.

Сондай-ақ, тараптар халықаралық логистикалық дәлізді нығайту үшін Сиань-Алашаңқай/Қорғас-Селятино желілік тасымалдарын бірлесіп дамытатын болады.

Тараптар жаңа меморандум жоғары сапалы логистикалық шешімдерді қамтамасыз етудегі маңызды қадам болатынына сенімді.


Анықтама: «Славтранс Сервис» 2001 жылдан бастап жұмыс істейді және теміржол контейнерлік және қойма логистикасы саласы көшбасшыларының бірі болып табылады, ол ең жоғары деңгейде қызмет көрсетеді.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі