ҚТЖ: теміржолда жасанды интеллектті қолдану қарқын алуда
08-10-2024
"ҚТЖ" ҰК" АҚ Елордада "Translogistica Kazakhstan" халықаралық көрмесі қарсаңында өткен "Көкжиек-2035: жасанды интеллект және болашақтың көлігі" Форсайт - форумына қатысты.
Форумды TLK Media, Н.Есенғариннің көлік бастамаларын дамыту қоры, ҚР корпоративтік коммуникациялар қауымдастығы, "ҚТЖ" ҰК" АҚ, ҚР Көлік министрлігінің қолдауымен "KAZLOGISTICS" Қазақстан көлікшілер одағы ұйымдастырды.
"Жібектен цифрлық көлік жолына дейін" стратегиялық сессия барысында бүгінгі таңда теміржол саласының негізгі мақсаты озық технологияларды (бұлтты есептеу, үлкен деректерді талдау, жасанды интеллект және т.б.) пайдалана отырып, "ақылды"
теміржолды құру екені айтылды.
Бұл бағытта көп жұмыс жүргізілуде, соның ішінде қозғалысты басқаруды автоматтандыру: ақылды жүйелер пойыз маршруттарын оңтайландыруға, кідірістерді азайтуға және өткізу қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Маңызды бағыттардың бірі Wabtec компаниясымен серіктестік болып табылады, оның шеңберінде Кinetix диагностикалық кешенін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, бүгінде "Магистраль" АБЖ автоматтандырылған басқару жүйесі сәтті жұмыс істеп тұр. Осы жүйенің көмегімен алынған мәліметтер техникалық қызмет көрсету мен жөндеуде (ТҚжЖ) белсенді қолданылады .
Көрнекі деректермен ЖИ жұмыс істеу және ақпараттың үлкен массивтерін талдау үшін ҚТЖ PanGu платформасы шеңберінде Huawei компаниясымен ынтымақтастықта. Ол визуалды талдауды қамтамасыз етеді және оларды егжей-тегжейлі талдау үшін барлық ақпарат көздерінен деректерді жинауға мүмкіндік береді.
Машиналық оқыту, болжамды талдау және үлкен деректермен жұмыс істеу сияқты заманауи технологиялардың көмегімен ҚТЖ-да Қазақстанның темір жол саласына ЖИ енгізу үшін іргетас құрылады. Бұл отандық инфрақұрылымның қауіпсіздігін, тиімділігін және тұрақтылығын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі