ҚТЖ теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздік ережелерін еске салады

Жаңалықтар

ҚТЖ теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздік ережелерін еске салады




22-10-2024

Жыл басынан бері теміржол өткелдерінде 19 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Барлық ЖКО автокөлік жүргізушілерінің кінәсінен орын алды. Нәтижесінде 9 адам зардап шекті.

ЖКО темір жолды пайдалану жұмысына, Пойыздар қозғалыс кестесіне кері әсерін тигізді. Жол - көлік оқиғаларының басты себебі - автокөлік жүргізушілерінің Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуы. Көбінесе жүргізушілер жабық шлагбаумды айналып, тіпті  тыйым салатын сигналына  қарамай өтеді.

 Құқық қорғау органдары бұзушыларға әкімшілік жазаның әртүрлі түрлерін қолданып келеді.

 Теміржолшылар теміржолдың қауіптілігі жоғары аймақ екенін еске салады және теміржол өткелінен өту кезінде Жол ережелерін сақтауды сұрайды.

Теміржолшылар көліктегі желілік полиция қызметкерлерімен бірлесіп 1,4 мыңнан астам профилактикалық рейд жүргізді, оның барысында 280 бұзушылық анықталды. 14 мыңнан астам жүргізушіні қамти отырып, автокөлік кәсіпорындарында 448 түсіндіру жиналысы өткізілді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі