ҚТЖ темір жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады
20.09.2024
2024 жылғы 19 қыркүйек сағат 18-ден 41 минут өткенде Алматы облысының Бурундай станциясына іргелес жатқан "Көлік сервис орталығы" АҚ кіреберіс жолының теміржол өткелінде жүк автомашинасының жүргізушісі кенеттен жолға шығып, жүк пойызымен соқтығысты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
ЖКО себебі - автокөлік жүргізушісінің өткел арқылы өту ережелерін сақтамауы. Жақын арада бұл өткелдің мәртебесі күзетілетіндер санатына ауыстырылатын болады.
ҚТЖ жол қозғалысына қатысушыларды темір жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі