ҚТЖ тауар белгісінің қолданылу мерзімін ұзарту

Жаңалықтар

 ҚТЖ тауар белгісінің қолданылу мерзімін ұзарту




04-11-2024

"ҚТЖ" ҰК" АҚ "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК-да өзінің тауар белгісінің қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі жұмысты аяқтады. 

"ҚТЖ" ҰК" АҚ логотипі - бұл жай ғана белгі емес, ол сенімділіктің, тұрақтылықтың және қызметтердің жоғары сапасының символы болып табылады, іскер әріптестер арасында да, жолаушылар арасында да танымал әрі сұранысқа ие. 

"ҚТЖ" ҰК" АҚ логотипі жаңа көкжиектерге деген ұмтылысымен Қазақстанның теміржол көлігін дамытудың жүз жылдан астам тарихын біріктіретін сапа белгісі болып табылады. 

Сауда маркасын ұзарту процесі компанияның символикасын пайдалану құқығын сақтаудың маңызды қадамы болды. 

"ҚТЖ" ҰК" АҚ техникалық орталығы брендті сақтау үшін барлық қажетті заң рәсімдері мен заңнама талаптарын сақтай отырып, дайындық жұмыстарын жүргізді. 

Осы жұмыс арқасында "ҚТЖ" ҰК" АҚ тауар белгісі қорғалады және де компанияны ішкі мен халықаралық нарықтарда ұсынуды жалғастыратын болады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі