ҚТЖ пойыздарда ғаламтор қызметін іске қосуды жоспарлауда
24-01-2025
2025 жылдың 25 қаңтарында заманауи спутниктік технологиялар арқылы пойыздарда ғаламторға қолжетімділікті қамтамасыз ететін пилоттық жоба іске қосылады. Бұл қызмет ең алдымен жолаушылар арасында танымал бағыттардың бірі №3/4 «Астана-Алматы» пойызында жүзеге асырылмақ.
Пилоттық жоба шеңберінде заманауи спутниктік технологияларды пайдаланып, пойыздарға ғаламтор қосу мүмкіндігі жоспарлануда. Бұл жолаушыларға сапар барысында WhatsApp, YouTube секілді қосымшаларды еркін пайдалануға және бейнемазмұндарды көруге мүмкіндік береді. Алайда, торренттер мен файлдарды жүктеу сайттарына шектеу қойылатын болады. Жобаның техникалық қолдауын Қазақстандағы OneWeb-тің ресми серіктесі Jusan Mobile жүзеге асырады.
Ғаламтор қызметімен қатар, жоба аясында жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту және пойыз бригадасының жұмысын оңтайландыру үшін бірқатар заманауи технологияларды сынақтан өткізу көзделіп отыр. Олардың ішінде:
Бұл пилоттық жоба Қазақстанның өзге бағыттарында ғаламтор қызметін дамытуға ықпал етеді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі