ҚТЖ-ның ішкі тексерулері барысында дизель отынын есептен шығаруда залал келтірілгені анықталды
12-02-2025
Ішкі тексерулер шеңберінде ҚТЖ ревизорлық қызметімен 2023 жылы Жамбыл жол дистанциясын тексеру кезінде өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамға келтірілген залалды анықтады. ҚТЖ материалдарды Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жіберді. Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, онда ҚТЖ жәбірленуші тарап деп танылды. Тергеу барысында ҚТЖ нақты шығыны анықталды, ол 36 млн теңгені құрады. Қылмыстық іс материалдарын сотқа жолдау күтілуде.
ҚТЖ-да кез келген бұзушылықтарға нөлдік төзімділік саясаты қолданылады және оларға жол бермеу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі