ҚТЖ мен ЦДИАӨМ теміржол саласын цифрландыру мәселелерін талқылады

Жаңалықтар

ҚТЖ мен ЦДИАӨМ теміржол саласын цифрландыру мәселелерін талқылады




19-04-2024

ҚТЖ-да Компания басшылығының ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинмен кездесуі болып өтті.

Министрге теміржол көлігі жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған цифрлық шешімдер таныстырылды. IT және телекоммуникация саласындағы әлемдік көшбасшыларды тарта отырып, ҚТЖ ТХКБ бойынша цифрлық сауда дәлізін іске қосу, локомотивтерді тиімді пайдалану жүйесін енгізу жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, теміржолда жасанды интеллект технологияларын енгізу жоспарлануда. Жаңа шешімдер теміржолдың өткізу қабілетін арттыруға, жанармай шығынын оңтайландыруға, пойыз қозғалысының қауіпсіздігін және тұтынушылардың қанағаттану деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, кездесуде жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетке қосу, Қазақстанның мемлекеттік органдарымен шекара маңындағы мемлекеттермен электрондық деректер алмасуды ұйымдастыру бойынша өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі