ҚТЖ кәсіподақ қызметкерлерінің форумына 100 астам қатысушы жиналды
16-02-2024
Астанада "ҚТЖ" ҰК" АҚ кәсіподақ қызметкерлерін үш күндік оқыту форумы өтті, оған Қазақстанның барлық өңірлерінен 100 астам қатысушы жиналды.
Ауқымды іс-шараны "Қазпрофтранс" ҚБ мен "ҚТЖ" ҰК" АҚ адам ресурстарын басқару департаменті бірлесіп ұйымдастырды. Магистральдық желі дирекциясының құрылымдық бөлімшелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының, "ҚТЖ – Жүк тасымалы"
ЖШС, 80% кәсіподақ комитеттерінің негізгі қызметінен босатылмаған төрағалары болып табылатын басқа да филиалдар мен еншілес ұйымдар көшбасшылары үшін оқытудың толық бағдарламасы көзделген.
Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы іс-шараны өткізу алаңы болды. Үш күн бойы тақырыптық шеберлік сабақтары, дәрістер, тренингтер, панельдік сессиялар және өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті. Кәсіподақ көшбасшылары тиімді коммуникацияларды, жанжалдар мен тиімділікті басқаруды, стресске төзімділікті үйренді, еліміздің еңбек заңнамасындағы, әлеуметтік кодекстегі өзгерістерді, сондай-ақ жаңа Ұжымдық шарттың нормаларын, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын және т.б. талқылады.
– Біз жұмысымызға тікелей қатысы бар көптеген пайдалы ақпарат ала алдық. Мен үш жыл бойы дистанциямыздың бастапқы ұйымын басқардым, сол жерде өз еңбек жолымды электромонтер ретінде бастадым. Бүгінгі таңда біздің кәсіпорын қызметкерлерінің 100% кәсіподақ мүшелері болып табылады. Кәсіподақ жетекшілерінің негізгі міндеті - жұмысшылардың құқықтарын қорғау, жұмысшылар мен кәсіпорын басшылығы арасында байланыс орнату деп санаймын, өйткені біз ұжымдарда тұрақтылықты сақтау үшін компаниямен бірлесіп жауаптымыз, – деп бөлісті магистральдық желі Қостанай бөлімшесінің Құсмұрын электрмен жабдықтау дистанциясы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Руслан Шарипов. - Ұйымдастырушыларға
форум жұмысының стандартты емес форматы, тығыз бағдарламасы, білім багажын толықтыру, басқа өңірлерден келген әріптестермен танысу, түрлі мәселелер бойынша пікір алмасу, байланыстарды нығайту мүмкіндігі үшін алғыс айтқым келеді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі