ҚТЖ өкілдерінің шымкенттік жүк жөнелтушілермен нәтижелі диалогы болып өтті
12-09-2024
Шымкент қаласында ҚТЖ өкілдерінің өңірдің ірі жүк жөнелтушілерімен кездесуі өтті. Кеңестің негізгі тақырыбы тиімді тасымалдау процесін ұйымдастыруды талқылау болды.
2024 жылдың 8 айында Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі бойынша жүк тиеу 4% өсіп, 7,4 млн тоннаны құрады. Шикі мұнай тасымалы 2,5 есе, темір кені 11%, түсті кен 13%, химиялық және минералды тыңайтқыштар 41%, түсті металдар 38%, химиялық заттар мен сода 87% артты.
Шымкенттік теміржолшылар еліміз бойынша 6 млн тонна жүк тасымалдауды қамтамасыз етті. Бұл көрсеткіш 6% өсті. Экспортқа 1,3 млн тонна жөнелтілді. Құрылыс жүктерінің экспорты 47%, шикі мұнай 2,5 есе, түсті кен 16%, химиялық және минералды тыңайтқыштар 24% өсті.
Кеңесте ҚТЖ-ның жүк жөнелтушілермен бірлесіп жоспарлы жұмысы атап өтілді, қатысушылар тасымалдау процесін ұйымдастыру жөнінде пікір алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша жүк жөнелтушілер Қазақстан темір жолының құрылғанына 120 жыл толуына орай мерейтойлық медальмен марапатталды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі